Бағдат Қожахметов өкпе қабынуынан емделген пациенттер санының күрт артуын түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов өкпе қабынуынан емделген пациенттер санының күрт арту себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 қыркүйек күні coronavirus2020.kz сайтында коронавирус індетіне ұқсастығы бар өкпе қабынуынан жазылған 6 853 пациент туралы ақпарат жарияланды. Ал 15 қыркүйекте бұл цифр артып, емделіп шыққандар саны 26 335 адамға жетті. Бұл өсім 1-13 тамыз аралығында стационарда, сонымен қатар амбулаторлық деңгейде, үйде емделіп шыққан барлық пациенттердің мәліметін енгізуге байланысты орын алды», - деді Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.


Соңғы жаңалықтар