Бағдат Мусин Қостанай облысындағы цифрландыру барысымен танысты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығында болды, онда ұжыммен кездесу барысында және келушілердің қатысуымен «Нәтиже» орталығы арқылы өтініштерді қабылдау процесі қаралды.

Сондай-ақ ведомство басшысы Смарт Сити саласындағы цифрландыру жобаларымен танысты, ал IKomek орталығында министрге Қостанай қаласы әкімдігінің Ахуалдық орталығының функционалы көрсетілді. Мұнда Б. Мусин сәулет және құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету жоспарлары туралы айтып берді.

Бағдат Мусиннің пікірінше, тұрғындар мен қонақтарға ыңғайлы болу үшін Қостанайда бірыңғай коммуникация орталығын құру қажет.

Сапар барысында министр «Қостанай-Су» МКК өндірісін автоматтандырумен танысты, онда ГАЖ жүйесін жаңғырту және IKomek-пен интеграциялау бойынша ұсыныстар берді, коммуналдық кәсіпорындармен шарттар жасасу процестерін автоматтандыру жөніндегі жоспарлармен бөлісті.

Жұмыс сапарының бағдарламасында заманауи технологиялық сауу залымен және автоматтандырылған ақпараттық жүйемен жабдықталған «Олжа Садчиковское» мал шаруашылығы кешені базасындағы «Ақылды сүт фермасына» бару болды. Қостанай облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша министр өңірді одан әрі цифрландыру бойынша өз ұсыныстарын айтты.


Соңғы жаңалықтар