+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Бағдат Мусин SpaceX-пен келіссөздер туралы айтып берді

2021 жылғы 19 сәуір 23:08
Бөлісіңіз:
Бағдат Мусин SpaceX-пен келіссөздер туралы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «SpaceX» компаниясымен келіссөздер жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Наурыз айының соңынан бері біз SpaceX-пен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Осы аралықта SpaceX-тің мемлекеттік реттеушілермен байланыс жөніндегі директоры Мэтт Ботвинмен бірнеше онлайн кездесу өткіздік. Ынтымақтастықты дамыту бойынша бізге қызықты бірнеше бағыт бар.

Министрліктің мақсаты – Қазақстандағы әрбір елді мекенді интернетпен қамту.

Телепорт станциясын Алматы маңында орналастыруға және бес елді мекенді тестке қосуға алдын ала келісімдер жасалды. Ауылдарда орнатылатын нүктелердің санын әлі де жұмыс барысында нақтылаймыз.

Егер осы бағытта жаңалықтар шықса мен әлеуметтік желілерде бөлісемін. Екі тарап арасында толық келісім мен өзара түсінік пайда болған уақытта бет алған бағыт жайлы БАҚ өкілдері үшін SpaceX-пен бірлескен баспасөз релизін таратамыз», - деп жазды ол

Министрлің айтуынша, Starlink жүйесі АҚШ, Канада және Еуропа елдерінің аумағын толығымен қамтиды. Қазір орбитада «SpaceX» компаниясының 1400-ге жуық жерсерігі орналасқан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT