Бағдат Мусин жарық бағаналарын өз саласында пайдаланбақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жарық бағаналарын екі мақсатта қолдануды ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жарық бағаналарын екі мақсатта қолдану үшін әкімдіктермен меморандум жасасу жағын қарастырып жатырмыз. Яғни бағана бір жағынан жарық берсе, екінші жағынан оған базалық станса орнатылады. Ендігі уақытта байланысты қамтитын базалық стансалар тұрғын үйлердің шатырында ғана емес, жарық бағаналарында да болады», - деді Бағдат Мусин елордада өткен «Ашық есік күні» шарасы барысында.

Одан бөлек, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Асхат Оразбек елімізде байланыс сапасын жақсартуға қатысты тағы бір жаңашылдықпен бөлісті.

«Жолдарды салу және қайта жаңарту кезінде кабельдік кәріздер мен талшықты-оптикалық байланыс желілерін міндетті түрде төсеу жоспарланып отыр. Бұл республикалық, облыстық және жергілікті жолдарға да қатысты. Бұл, алдымен, шағын қалалар мен қала маңындағы елдімекендер үшін маңызды. Себебі ол жерде аса биік ғимараттар жоқ. Ал егер жол салу барысында кабельдік кәріздерді қоса тартса, сол арқылы жақын маңдағы тұрғындарды байланыспен қамту мүкіндігі болады», - дейді Асхат Оразбек.


Соңғы жаңалықтар