Бакудегі дін лидерлері саммитіне қазақстандық делегация қатысуда

None
None
БАКУ.ҚазАқпарат – Әзербайжанда әлемдік дін лидерлердің II-ші Баку саммиті өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шараға Қазақстан тарапынан арнайы келген делегация қатысуда.

«Бүгінгі таңда әлем елдерінде өткізіліп жатқан дінаралық татулық пен өзара келісім бастамалары, елордамызда бастау алған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жалғасы іспетті деп те айтуға болады. Қазақстанның бұл бағытта тәжірибесі көп», - деді жиынға қатысқан Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз.

Бас мүфтидің пікірінше, діннің атын жамылып, түрлі теріс мақсаттарды жүзеге асырушылардан әлем халқының көпшілігі зардап шегіп отыр. Оның нақты айғағы – Таяу Шығыс және әлемнің басқа да жерлерінде болып жатқан қақтығыстар мен соғыстар.

«Конференцияда әлемде болып жатқан соңғы оқиғалар, Таяу Шығыс елдері мен Сириядағы қақтығыс және оның дінге қатыстылығы жан-жақты талқыланып жатыр. Дінді жамылып теріс әрекеттерге бару жағдайлары баса айтылуда. Бірақ әрі қарай не істеу керек, оны қалай тиісті шаралар қабылдау керек дегенге саятын нақты шешімдер айтылмай жатыр», - деді қазақстан делегациясының мүшесі Әбсаттар қажы Дербісәлі.

Соңғы жаңалықтар