Бакудегі ірі өрт: бояу шығаратын фабрика жанып кетті

None
None
БАКУ. TREND-ҚазАқпарат – Бакуде бояу шығаратын фабрикада өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend агенттігіне сілтеме жасап.

Бакудің Бинагадин ауданындағы «Собсан» бояу өндірісіндегі өрт салдарынан алдын ала болжам бойынша шамамен 3000 шаршы метр аумақ жанып кетті. ТЖМ бес қызметкері зардап шекті, төрт адамға оқиға орнында көмек көрсетілді, ал бір адам Токсикология орталығына жеткізілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Қазір зауыттағы өртті Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері толықтай сөндірді.


Соңғы жаңалықтар