Бақыт Сұлтанов тұрақтандыру қорлары жұмысының кемшілігін атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде Азық-түлік тауарлары тұрақтандыру қорларының көлемі тиімді қалыптастырылмай отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Азық-түлік тауарлары тұрақтандыру қорларының көлемі жеткілікті емес. Яғни 3,7 млрд теңгеге 25,4 мың тонна қалыптасқан. Олардың интервенциясы жалпы тұтынудың 0,2 пайызынан 1,4 пайызына дейін құрайды. Бұл іс жүзінде бағаға тиісті әсер етпейді», - деді агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы баяндаған Бақыт Сұлтанов.
Оның атап өтуінше, тұрақтандыру қорларының өздері де тиімді қалыптаспайды. Мысалы, Ақтөбе облысында 2020 жылы қанттың, қарақұмық жармасының, күнбағыс майының және жұмыртқаның бағалары едәуір өскен.
«Бұл ретте, жыл ішінде қорға бағаның шамалы өсуі байқалған көкөністер сатып алынды. Тұрақтандыру қорларын тек тәуекелі жоғары импортқа байланысты тауарларға ғана қаражат пен күш-жігерді шоғырландыру арқылы қайта қарау қажет», - деді министр.
- ҚР Премьер-Министрі Цифрландыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді
- Ұлттық банк: Теңге бір апта ішінде 0,6%-ға нығайды
- Қытайда Боаос азиялық форумы ашылды
- Маңғыстауда құрылыс қалдықтарын жинап, қайта өңдейтін полигон ашу жоспарланып отыр
-
Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
-
Күзде Қазақстанның қаржы нарығына кешенді бағалау жүргізілуі мүмкін
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам