«Бақытты отбасы»: Қостанай облысында 219 көпбалалы отбасына баспана беріледі

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 219 көпбалалы отбасы баспана кілтіне ие болады. Бұл туралы Қостанай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы хабарлама таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірде тұрғын үй құрылысына айрықша мән берілмек. Қаржыландыру көлемі артып, аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін арнайы жобалар қабылданды. Мәселен, осы жылы Қостанай қаласында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін 7 үйдің құрылысына 2 млрд теңге бағытталды. Амангелді, Денисов, Жітіқара, Меңдіқара және Наурызым аудандарына тағы 1,2 млрд теңге бөлінді. Бес ауданда 5 көппәтерлі үй қайта жаңартылады. Олардың бәрі көпбалалы отбасына арналған.

«Көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 108 пәтер сатып алынды. Бұл мақсатта 900 млн теңге қарастырылды. Оның ішінде 840 млн теңге Қостанай қаласының еншісінде. «Нұрлы жер» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары аясында аз қамтылған отбасылар несиелік үйде тұруға мүмкіндік алады. Қазірдің өзінде 1,5 млрд теңгеге 219 өтінім түсті. Барлық өтінім мақұлданды», -дейді Қостанай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов.

Қазіргі уақытта 36 көпбалалы және мүгедек баласы бар 28 отбасы пәтер кілтіне ие болды.


Соңғы жаңалықтар