+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Бақытты отбасы: Қостанай облысында 51 көпбалалы анаға пәтер берілді

2020 жылғы 8 наурыз 15:19
Бөлісіңіз:
Бақытты отбасы: Қостанай облысында 51 көпбалалы анаға пәтер берілді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласындағы «Юбилейный» ықшамауданында көпбалалы аналарға тұрғын үйдің кілттері тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады – Асқар Мамин Баспанамен қамтамасыз ету бағытында көпбалалы отбасыларға 2 пайыздық жеңілдікті несие беріледі Алматы облысында карантинге жабылған тұрғын үй кешеніне тегін азық-түлік жеткізе бастады

Аталмыш тұрғын үй қоныстанушыларға «Нұрлы жер» және «Бақытты отбасы» әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы аясында берілді. Қоныс тойын тойлаушылардың қуанышына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ортақтасты.

«Елбасы бастамашы болған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 51 көпбалалы анаға жаңа пәтер кілтін тапсырдық. Бұған қоса аз қамтылған отбасылар да пәтерге ие болады. Жалпы үйдің құрылысына 904 млн теңге жұмсалды, үйде 144 пәтер бар. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл 370 мың шаршы метр тұрғын үй тапсыруды жоспарлап отырмыз», – деді облыс әкімі.


Пәтер иелері мемлекеттік бағдарламаның шарты тиімді екенін айтады. Жылдық 2 пайызбен 20 жылға дейін беріледі, бастапқы жарнасы 20 пайызды құрайды.

«Бүгін «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойыша 3 бөлмелі пәтерге ие болдым. Баспанаға ие болу үшін 2017 жылдан бастап «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкінен депозит ашып, қаражат жинай бастадым. Бастапқы жарнасы тиімді, мен 15 жылға алып отырмын. Айлық төлем 50 мың теңгеден келеді», – дейді жаңа пәтер иегері Әлия Едіресова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT