Бақытжан Сағынтаев: Келесі жылы Құлжа трактісінің құрылысы басталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әуежайға апаратын айналама жол айрығының құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл бізді Үкімет қолдады. 2019 жылы жолайрықтарының құрылысына, жер учаскелерін сатып алуға, метро құрылысын жалғастыруға және басқа да құрылыстарға қосымша ақша алдық. Келесі жылы да осы бағыттарға қаржы бөленетін болды. Ең бастысы біз Құлжа трактісінің құрылысын бастау үшін қаржы ала алдық - бұл әуежайға апаратын айналма жол айырығы», - деді Бақытжан Сағынтаев мәслихат сессиясында.

Қала әкімі құрылыс жұмыстары келесі жылдың басынан басталатынын атап өтті. Құрылыс екі жылға созылады. Мердігер компанияға осындай талап қойылды.

Айта кетейік, бүгін Алматының 2020-2022 жылдарғы бюджеті бекітілді.

Соңғы жаңалықтар