+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Балаға дәруменді дәрігер тағайындауы керек – маман

2021 жылғы 20 сәуір 16:39
Бөлісіңіз:
Балаға дәруменді дәрігер тағайындауы керек – маман

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Балаға дәруменді дәрігер тағайындауы керек. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айнұр Уәлиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ДСМ: АҚШ-тағы Денсаулық көрсеткіштері институтының мәліметі Қазақстандағы нақты дерекке сай келмейді Коронавирус: Алматыда науқастарды емдейтін төсек-орын қоры 58% толған Қазақстанда 1,5 млн-ға жуық адам екпе алды – Алексей Цой

«Балалардың, тіпті, ересектердің ағзасы әртүрлі дәруменге әртүрлі жауап қайтаруы мүмкін. Сондықтан, дәл осы дәрумен коронавирустың алдын алады, алып ішу керек деп айта алмаймыз, себебі дәруменнің өзі әр адамға жеке тағайындалуы тиіс. Егер балада қанның аздығы немесе соған бейімділік болса, дәрумен жеткіліксіздігінің белгілері байқалса міндетті түрде жергілікті дәрігерге барып, тиісті зертханалық тексерістен өтіп, расталған жағдайда дәрумен ішу тағайындалады», - деді Айнұр Уәлиева.

Сонымен қатар, ол маусымдық аурулармен ауруханаға түсетін балалардың саны айтарлықтай азайғанын атап өтті.

«Балалар арасында коронавирустан өлім-жітім тіркелген жоқ. Жылдағыдай маусымдық, инфекциялық аурулар, энтеровирустық аурулар, жіті респираторлық инфекциялар кездесіп тұрады. Алайда, коронавирусқа байланысты біз бір жылдан бері эпидемиологиялық шектеу жағдайларында өмір сүріп жатқандықтан қызылша, қызамық, желшешек, көкжөтел сияқты балалар инфекциялық ауруларының күрт төмендегенін байқадық», - дейді спикер.

Сөз соңында дәрігер таза ауада серуендеуге, арақашықтықты сақтауға шақырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT