Балалар Еуровидениесі 2018 байқауының финалистері анықталды
"Балалар Еуровидениесі-2018" байқауына республикалық іріктеуге өтінім 1-31 тамыз аралығында "Хабар" агенттігінің сайты арқылы қабылданып, қыркүйектің басында құрамы 11 адамнан тұратын əділқазылар алқасы ақтық сайысқа шыққандарды анықтады. 22 қыркүйекте Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін гала-концертті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал, көрермендер өздеріне ұнаған қатысушыға смс жолдау және телефон арқылы хабарласып дауыс бере алады. Сондай-ақ дауыс беруге әділқазылар алқасы да қатысады. Жеңімпаз халық дауысы және әділқазылардың ортақ шешімімен анықталады.
«Гала-концертте финалистер бұған дейін еш жерде айтпаған әндерін орындайды",- деді "Хабар" агенттігі АҚ- ның төрағасы Алан Əжібаев.
Гала-концерт нəтижесінде анықталған жеңімпаз үстіміздегі жылдың 25 қарашасында Минск қаласында өтетін "Балалар Еуровидениесі-2018" байқауына жолдама алады.
Айта кетейік, əділқазылар құрамында Роза Рымбаева, Мейрамбек Беспаев, Ерке Есмахан жəне тағы басқа танымал əншілер бар.
Байқаудың финалистері:
1) Зере Әмірбекова, 14 жас (Алматы);
2) Динара Нəдірбекова, 13 жас (ШҚО);
3) Сүйкім Қабылбек, 12 жас (Астана);
4) Данэлия Төлешова, 12 жас (Алматы)
5) Ержан Максим, 11 жас (Орал);
6) Мария Затварницкая, 13 жас (Павлодар);
7) Мейіржан Жидебай, 12 жас (Ақтөбе);
8) Жанелья Қалдыбек, 12 жас (Астана);
9) Санат Асуат, 13 жас (Атырау);
10) Бинура Саудабай, 11 жас (Астана).