Балалардың із-түзсіз кетуін болдырмас үшін не істеу керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 мамыр Халықаралық із-түзсіз жоғалған балалар күні ретінде аталып өтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемде Халықаралық із-түзсіз жоғалған балалар күні алғаш жариялағаннан бері 40 жыл өтсе де, бұл проблема әлі де өзекті.

Amansabi.kz сайт жобасының мәліметінше, АҚШ-та жыл сайын 400 мыңнан астам жоғалған балалар туралы жариялайды. Үндістанда - 100 мыңнан астам, Еуропа мемлекеттерінде - 250 мыңнан астам, Ресейде - 35 мыңнан астам бала із-түзсіз кетеді.

Қазақстанда 2010-2016 жылдар аралығында бес мыңға жуық жоғалған балалардан 87-сі ешқашанда табылмаған. 2015-2019 жылдары аралығында 92 бала жоғалған. 2020 жылы басынан бастап бес баланы іздестіруге жариялады.

Елімізде балалар үлкен қалалар мен кішкентай ауылдарда, аулалар мен көпшілік мекендерде, күннің әр уақытында жоғалып жүр. Оқиғалардың көбісінде олар аман-есен табылады. Бірақ қайғылы жағдайлар да бар: балалар жазатайым оқиғаның әлде қылмыскердін құрбаны болады, немесе тіпті ешқашан табылмайды.

Баланың із-түзсіз кету жағдайларын алдын алу үшін не істеу керек

• Біріншіден, балақайға ең жас кезінен қауіпсіз тәртіпті үйрету керек. Алғашқы сабақтарды сәбидің алғаш сөйлегенінен бастап өткізе беруге болады. Ереже #1 - балаға өзінің толық атын, сосын анасының толық атын үйрету (сәбилер анасының шын аты МАМА/АНАШЫМ деп жиі ойлайды). Балалардың қауіпсіз ережелері жасы бойынша топтастырылады;

• Дағдыларды нығайту үшін үйде және сыртта рөлдік ойындарды қолдану керек;

• Бала өз ойын айтуы мүмкін деген ең жақын деген 2 - 5 адамның тізімін жасау;

• Балаға көмектесе алатын үлкендерден, мысалы басқа баланың анасынан, сатушы, полицей, күзетшіден көмек сұрауды үйретіңіз;

• Ата-анасы немесе қасындағы ересек адамның рұқсатысыз біреудің баласына ешқашан тамақ ұсынбаңыз;

• Балаға сіздің немесе өте жақые адамдардың рұқсатысыз әлдекімнен сыйлық немесе тәтті алудан бас тартуды үйретіңіз;

• Далаға шығар алдында баланы сыртқы киіммен фотоға түсіріңіз;

• Күтпеген жағдайға дайындық ретінде, баланың киімінің қалтасына ата-анасының есімі және телефон нөмірі жазылған қағаз кескінді салып жүріңіз. Бала ол туралы білуі керек.

Бала жоғалған кезде не істеу керек?

• Бала жоғалған жағдайда іздестіру әрекеттері 72 сағаттың ішінде ең нәтижелі болып саналады;

• Іздеушілерде баланың жақсы сапалы суреттерінің барлығы қажет;

• Еріктілер мен іздеу ұйымдардың осындай жағдайларда көмегі зор. Сіздің қалаңызда осындай болса, іздестіруге шақырыңыз;

• Баланың жасы қаншалықты кіші және жоғалган мерзімі қаншалықты қысқа болғанына байланысты, іздестіру радиусы да кішірек болады;

• Мекенді барлау кезінде саябақтар, сайлар, құдықтар, жертөре, жаңа салынып жатқан ғимараттарға назар аударыңыз.


Соңғы жаңалықтар