«Балқаш-Бұрылбайтал» тасжолының 127 шақырымында қозғалыс жанданады - ҚР ИИДМ

None
None
НҰР-СҰЛАН. ҚазАқпарат – «Балқаш-Бұрылбайтал» автожолының 1864-2152 шақырымындағы учаскесін реконструкциялау жобасы ұзындығы 288 шақырымды І техникалық санатқа ауыстыра отырып, жаңартуды көздейді.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Жоба Халықаралық қайта құру және даму банкінің қарыз қаражаты және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады.

Оны «Синохайдро», «Колин/СМС», «Тодини», «СМС» мердігерлік ұйымдары жүзеге асыруда.

Бүгінгі күнге дейін толық ауқымды жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, жер төсемі (12,3 млн м3), төселетін қабат (127 км), негізгі бөліктің төменгі қабаты (118 км), жоғарғы қабаты (113 км) және төсемнің төменгі қабаты (96 км) орнатылды. Жыл қорытындысы бойынша тасжолдың 127 шақырымында қозғалыс ашу жоспарлануда.

Қазір мердігерлер жол-құрылыс және автожолды қыста күтіп ұстауға арналған материалдарды әзірлеу бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Айта кетейік, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Нысанды 2024 жылы пайдалануға беру көзделген.


Соңғы жаңалықтар