+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Балқаш көлінде мұз бөлініп, үстіндегі 4 балықшыны ағызып әкеткен

2019 жылғы 7 желтоқсан 14:55
Бөлісіңіз:
Балқаш көлінде мұз бөлініп, үстіндегі 4 балықшыны ағызып әкеткен

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Төтеншеліктер Балқаш көлінде жылжып кеткен мұз үстінен төрт балықшыны құтқарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда CarCity автокөлік базарындағы адамдар эвакуацияланды Санкт-Петерборда Қазақстанның ІІМ зейнеткері оқыс жағдайда қайтыс болған Қарағанды облысының құтқарушылары шалғай елді мекендердегі екі жүкті әйелді қалалық ауруханаға жеткізді

6 желтоқсан күні сағат 14:07-де Ақөлең ауылынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде Балқаш көлінде мұз құрсауынан 4 адам құтқарылды. Мұз бөлініп, оның үстіндегі балықшылар ашық көлге кетіп қалған.

Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің жедел тобы шықты. Зардап шеккендермен телефон байланысы ұдайы жүргізіліп отырды.

Адамдар отырған мұз жағадан шамамен 10 шақырым қашықтыққа кетіп қалған.

Қатты толқынға қарамастан, құтқарушылар қысқа уақыт ішінде «Хивус» аэрокөлігімен балықшыларды тауып, 17:35-те оларды жағаға жеткізді.

Құтқарушылар қыс кезінде су қоймасында қауіп-қатер артатынын ескертеді. Су айдынындағы мұз үстімен жаяу жүру де, көлікпен жүру де өте қауіпті. Түнгі уақытта балық аулауға және аң аулауға жол берілмейді. Боранды күндері суға шығуға тыйым салынады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT