07:21, 26 Ақпан 2021 | GMT +6
Балқашта ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 26 ақпан күнгі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай Балқаш қаласында болады.
Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.