+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Балқашта көпбалалы отбасылар үшін экоүйлер салынады

2021 жылғы 19 сәуір 21:36
Бөлісіңіз:
Балқашта көпбалалы отбасылар үшін экоүйлер салынады

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Балқаш қаласында көпбалалы отбасылар үшін экоүйлер салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Алматы жастары» арқылы пәтер алғысы келген 3,8 мың адамның өтініші қабылданбады Нұрлы жер: Степняк қаласында көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр Елордалық көпбалалы отбасыларға жалға баспана беру кезінде заңсыздықтар тіркелген

«Қоңырат» шағынауданында энергия үнемдейтін 10 экоүйдің құрылысы үшін жер телімін дайындау жүруде. Келесі аптада құрылыс жұмыстары басталады. Мұндағы пәтерлерді халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын балқаштықтар алады.

Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков «Жылы үйлер фабрикасы» компаниясымен меморандумға қол қойды. Қарағандылық инвесторлар шешілмейтін қалыптан тұрғын үй салады. Мұндай құрылыс сенімділікпен, үнемділікпен және бүкіл құрылымды салудың қарапайымдылығымен сипатталады.

200 шаршы метрге жуық бір ғимарат екі отбасына бөлінеді. Олар су, кәріз және орталық жылу жүйелеріне қосылады, қоршаулар қойылады. Инвестордың айтуынша, Балқаш көшесіндегі экоүй күздің соңында пайдалануға беріледі. Мұндай тұрғын үй Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда бар.

Бүгінде тұрғын үй кезегінде 1 500-ден астам балқаштық тұр. Баспана мәселесін шешу үшін қала басшылығы жеке құрылыс салушыларды белсенді түрде жұмылдыруда. 2021 жылға инвесторлармен алты меморандум жасалды. «Қоңырат» шағынауданынан басқа, құрылыс 10-шы шағынаудан мен Шашубайда жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT