Балық емес, қармақ бер: Қайырымдылық қоры зейнеткерлерге қалай көмектесуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Адал Ниет Астана» жекеменшік қайырымдылық қоры дертке шалдыққан адамдар мен қариялар, өмірлік қиын жағдайға тап болғандарды жататын орын, тамақпен ғана қамтымай, ақша табуға көмектеседі. Қордың басшысы Бибісара Бейсенбаева ҚазАқпарат тілшісіне ұйымның болашақ жоспары туралы айтып берді.

- Бибісара Нұртайқызы, қайырымдылық қорының жалпы жұмысы туралы айтсаңыз.

- Біздің қайырымдылық қорының негізгі міндеті - 18 жастан асқандарға әлеуметтік орталық болу. Біз 18-92 жас аралығындағы тұрғындармен жұмыс істейміз. Олар мұнда тәулік бойы болады, көбінесе оларға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетеміз. Біздің ұйым құрамында менталды дертке шалдыққандар, егде жастағы және қарияларға арналған пансион, хоспис және оңалту орталықтары бар. Мұның бәрі егде жастағыларға күтім жасау үшін ашылған. Әдемі қартая білу керек. Біздің елімізде медициналық және әлеуметтік көмек жекелей көрсетіледі. Адамды әлеуметтік тұрғыдан қоғамға бейімдеу үшін не істеу керек? Біздегі қариялардың бұрын мамандықтары немесе хоббилері болған, сол себепті еңбек терапиясы аясында шеберлік сыныптарын өткіземіз.

- Олардың көпшілігі немен айналысқанды жақсы көреді?

- Біреуі кітапханашы болса, енді бірі бала кезінде сурет салумен айналысқан, бірақ әртүрлі өмірлік жағдайға байланысты бәрі жолда қалған. Сондай-ақ, біздің қорда емделуге арналған орындар - тренажерлер, кардио, бассейн және массажға арналған бөлмелер бар. Барлығының бір жерде болғаны көпшілікке ұнайды, себебі олар көңілдері қалаған іспен айналысады. Біздің пациенттердің (121 адам) 51-і Ақмола облысының 15 ауданынан болса, 50 адам Нұр-Сұлтан қаласынан және 16 адам өзге өңірлерден, 4 адам Ресей, Германия және Қырғызстаннан келген.

- Жекеменшік негізде қызмет алудың бағасы қандай?

- Айына 120 мың теңге. Бұл баға көп уақыттан бері көтерілген жоқ. Бұл Қазақстан бойынша ең арзан баға деп айтуға болады. Бұл қызмет ішіне бес уақыт тамақтану, дәрігерлер мен медбикелер қызметі және стационарлы көмек кіреді. Мұнда шизофрения, Альцгеймер және Паркинсон аурулары, Даун синдромымен келетіндер бар. 121 адамның 47-і сал ауруына шалдыққандар. Оларды жуындырып, киіндіріп, күту керек...

- Мемлекет тарапынан қандайда бір қолдау бар ма?

- Біз «Балық берме, қармақ бер» деген қағида бойынша жұмыс істейміз. Мемлекет бізге осы қармақты берді. Бізге тіпті «балық шаруашылығы саласын» берді десем болады. Өзіміздің өндірісіміз, маркетингіміз және осы іске қатысты шығармашылығымыз бар. Қазір біз өз-өзімізді қамтамасыз етеміз. Былтыр бір БҰҰ-ның екі грантын ұтып алдық. Оның біріне жылыжай салсақ, екіншісіне адамдардың пәтерге бөлек шығып, жеке тұруына көмектесеміз. Мемлекеттік тапсырысты мемлекет қаржыландырады, сондай-ақ біз дайындаған өнімдердің бір бөлігін сатуға қатысады. Бұл жердегі жоба жеке кәсіпкерлік негізінде жүзеге асады. Сонымен осылай үшжақты модель қалыптасады. Қысқаша айтқанда, мемлекет ішіндегі мемлекет - біз өзіміз үшін өзіміз төлеп, дамуымызды жалғастырудамыз.



Соңғы жаңалықтар