Балықты аңшы мылтығымен атып алып жүрген адам ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі балық браноньерлерімен күресті күшейтті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта құқық қорғаушылар «Балқаш» көлінде «Браконьер» операциясын жүргізіп жатыр. Операция барысында Шашубай ауылының тұсынан моторлы қайық мінген браконьер ұсталып, одан 1,5 тоннадан астам балық алынды. Сонымен қатар судан елімізде тыйым салынған 14 ау тәркіленді.

«Айта кетерлігі, браконьерлерде табиғатқа деген құрмет мүлдем жоқ. Олар балық аулау кезінде аулар мен торларды, жарылғыш заттар мен қару-жарақты және электр қармақтарын пайдалану арқылы заңсыз әрі жабайы әдістерді қолданады. Мәселен, Іле өзенінің Балқашқа құяр жағалауында Алматы тұрғыны ұсталды. Ол балықтарды аңшы мылтымен атып жүрген», - деді Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, «Браконьер» операциясына әуесқой балықшылар да көмек көрсетіп, браконьерлерді және олардың қайықтары мен ауларына табуға жәрдемесіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар