Барлық өңірде қариялар бос уақытында пайдалы іспен айналысатын орталықтар ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық өңірінде Белсенді ұзақ өмір орталықтары ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Мұндай орталықтардың ашылуы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «Белсенді ұзақ өмір» ұлттық жоспарында көзделген. Қазіргі уақытта құжат жобасы орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер деңгейінде, сондай-ақ онлайн режимде «Ашық НҚА» порталында талқылануда, онда әр адам ұсыныс бере алады.

«Белсенді ұзақ өмір орталығы қариялардың ағылшын тілін үйреніп, компьютерлік сауаттылық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, бимен және т. б. айналыса алатын бос уақытын өткізу мекемесі болып. Нәтижесінде егде жастағы қазақстандықтар қоғамға белсенді түрде араласып, олардың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда. Әзірге мұндай орталықтар еліміздің тек бірнеше қаласында ғана жұмыс істейді», делінген хабарламада.

Алматы қаласы Белсенді ұзақ өмір орталығы іске қосылған Қазақстандағы алғашқы өңір болды. Ол 2018 жылы маусым айында ашылды. Орталық 75 адамға есептелген, бірақ үлкен сұранысқа байланысты күн сайын оған 350-ге жуық адам қатысты. 2019 жылдың соңына қарай қаланың барлық аудандарында дәл сондай 7 мекеме іске қосылды. Бағдарлама Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген қартаю проблемалары жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарының тұжырымдамасын ескере отырып әзірленді.

Қартаю мәселелері жөніндегі сарапшылар елдегі белсенді ұзақ өмір орталықтарының көбейтілуі қажетті шара деп санайды.

«Біздің ұйымымыздың басты міндетінің бірі аға буынның салауатты өмір салтын қолдау болып табылады. Барлық өңірлерде Белсенді ұзақ өмір орталықтарының ашылуына мен өте қуанамын. Өйткені, БҰҰ есептеуі бойынша, 50 жылдан кейін планетаның әрбір алтыншы тұрғыны егде жастағы адам болады. Сондықтан қазірден бастап қарт адамдарға сапалы, әр түрлі және белсенді өмір сүруді қамтамасыз ету бойынша жұмысты бастау аса маңызды», – деді «Ардагер» ҚБ төрайымы Баян Ахметжанова.

Айта кету керек, соңғы 5 жылда 65 жастан асқан адамдардың үлесі 2 есеге артты. Нәтижесінде, халықаралық стандарттарға сәйкес, Қазақстан 2017 жылы халқы қартайған елдер тобына кірді.


Соңғы жаңалықтар