«Барыс» бүгін «Салават Юлаевпен» 44-мәрте кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» Ресейдің Уфа қаласында жергілікті «Салават Юлаев» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда бүгінгі күнге дейін мұз айдында 43 мәрте шеберлік байқасты. Олардың 19-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында «Салават Юлаев» клубы жеңіске жетті. Айта кетерлігі, екі команданың соңғы төрт кездесуінде «Барыс» хоккейшілері басым түсіп келеді.

Елордалық клуб 53 ойыннан кейін 67 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орынға жайғасты. Ал «Салават Юлаев» 50 ойыннан кейін 55 ұпаймен 15 орында тұр. Жарыстың келесі сатысына шығу мүмкіндігіне қос команда да қол жеткізе алған жоқ.

Соңғы турда екі команда да қарсыласына есе жіберді. «Барыс» Санкт-Петербургте СКА клубына 4:7 есебімен жол берсе, «Салават Юлаев» Қазанда «Ак Барстан» буллит арқылы 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

«Салават Юлаев» пен «Барыс» командалары арасындағы ойын елорда уақытымен 17.30-да басталады. Кездесу QazSport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Фото: www.hcbarys.kz



Соңғы жаңалықтар