Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жобадан қандай нәтиже күтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов «Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның» негізгі бағыттарын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» кәсіпкерлер санын өсіруге және тең жағдай жасауға бағытталған. Ол биржалық сауданы, электр эгнергиясы нарығындағы бәсекелестікті дамытуды және мемлекеттің экономикаға қатысуын азайтуды көздейді. Үшіншісі, отын-энергетикалық кешен нарығында ірі компаниялар жұмыс істейді, сондықтан ресурстарға қолжетімділік шектелген. Биржалық сауда шағын компанияларға бензинді, авиакеросинді, дизель отынын, битумды делдалсыз сатып алуға мүмкіндік береді. Жеткізушілер саны артады, бәсекелестік күшейеді. 2025 жылға қарай, сауда-саттық көлемі 20 пайызды құрайды. Сондай-ақ, биржалық индикаторлар құрылады. Бұл мұнай өнімдері бағасын бақылауды қамтамасыз етеді», - деді Р. Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ұлттық жоба сондай-ақ электр энергиясының сауда-саттық көлемін 30 пайызға арттыруды көздейді. Бұдан басқа, жеткізушілерді ауыстыру тетігі көзделеді, тұтынушы жеткізушіні таңдай алады.

«Бесіншісі, мемлекеттік кәсіпкерлік деңгейін төмендету. Мұнда мемлекеттік тапсырмалар санын 20 пайызға дейін төмендету ұсынылады. Осыған байланысты 18 млрд теңге сомаға қызметтер конкурс арқылы сатып алынады. Мемлекеттік оператор қысқартылады. Бір көзден мемлекеттік сатып алудың 5 негізі алынып тасталады. Бұл тек негізгі жобалар. Алайда, қосымша отыздан астам іс-шарадан тұратын жоспар әзірленді. Олар ұлттық жобаға кірмеген, бірақ олар бәсекелестікті дамыту үшін маңызды. Бұл – жеке темір жол тасымалдаушыларын, байланыс операторларын және субсидия алушыларды ұлғайту, сондай-ақ, бизнеске қойылатын талаптарды қысқарту», - дейді спикер.

Сонымен бірге, «Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мынадай нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған: мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 пайызға дейін төмендету, орта кәсіпкерлік үлесін 15 пайызға дейін ұлғайту, шағын және орта бизнес үшін 2 трлн 600 млрд теңге көлемінде тауар нарықтарына қол жеткізуді ұлғайту.

«Ұлттық жоба іс-шараларының көпшілігі бәсекелестік жөніндегі заң жобасында іске асырылады. Ол шектеулі ресурстарға қол жеткізуді қамамасыз етуге, бір көзден сатып алуды қысқартуға, мемлекеттік және жекеше операторлардың қызметін сондай-ақ цифрлық экономиканы реттеуге бағытталған. Қазіргі уақытта заң жобасы Премьер-Министр кеңсесіне енгізілді. Заң жобасы базалық тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамытуға негіз болады», - деді Рустам Ахметов.

Соңғы жаңалықтар