Башқұртстанда қалалық мэрияға террорлық акт жасалмақ болды

None
None
НЕФТЕКАМСК. БАШИНФОРМ – ҚазАқпарат – Башқұртстан Республикасы Нефтекамск қалалық әкімшілігінің ғимаратында террористік акт жоспарланған. Жергілікті тұрғын қолдан жасалған құрылғымен әкімдікке от қоймақ болған. ҚазАқпарат бұл туралы Башинформ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ол бұл әрекетті мемлекеттік билік органдарының қызметін тұрақсыздандыру және конституциялық жүйеге қарсы наразылық тудыру мақсатында жоспарлаған. Бұған интернетте де белсенді түрде шақырған», — деді республиканың Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының баспасөз қызметінен.

Қаскөй террорлық әрекетке дайындық барысында ұсталды.

«Террористік акт» және «Террористік әрекетті жүзеге асыруға жария түрде шақыру, терроризмді жария түрде ақтау немесе терроризмді насихаттау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қауіпсіздік күштері күдіктінің компьютерін, өрт тұтанатын қоспаларды дайындау әдісі көрсетілген видеолары бар ұялы телефондарды тәркіледі.


Соңғы жаңалықтар