Басқа қалаға көшкенде көліктің нөмірін ауыстыру міндетті ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір қаладан екінші қалаға қоныс аударушылардың көлік салығы бойынша туындайтын мәселеге мемлекеттік нөмірдің қатысы жоқ. Мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Олжас Отар осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдері тарапынан мекенжайын ауыстырған көлік иелеріне қатысты сауал қойылды.

«Салық төлеуші бір қаладан екінші қалаға ауысқан жағдайда тұрғылықты мекенжайы өзгерсе, ол кісілердің есебі сол салық төлеуші тіркеуге тұрған кезде автоматты түрде ауысады. Бірақ кейбір жағдайлар кездесіп жатады. Парақша есебі қазіргі тұрып жатқан мекенжайға ауысқан жағдайдың өзінде де ол кісілер бұрынғы жерге салық төлеуі кездеседі. Ондай кезде салық қызметкерлері түзету енгізіп, салықты жаңа мекенжай бойынша жібереді. Бұл көбінесе ескі мекенжайы бойынша салық төлейтін адамдарға байланысты туындайтын мәселе», - дейді Олжас Отар.

Ведомство өкілі мекенжай ауысқан кезде туындайтын салық мәселелерінің мемлекеттік нөмірді ауыстыруға қатысы жоқ екенін де ескертті.

«Салықты жаңа көшіп келген қалада төлеу үшін көліктің мемлекеттік нөмірін ауыстыру міндетті емес. Бұл кісілердің көліктерінің салығы тұрғылықты мекенжайы бойынша есептеледі. Яғни мемлекеттік нөмірді ауыстырудың қажеттігі туындамайды», - комитет өкілі.


Соңғы жаңалықтар