Баскетбол: Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы Палестина мен Шри-Ланканы ұтқан соң ФИБА рейтингінде бес сатыға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде Эмиль Райкович командасының қоржынында 124,3 ұпай бар. «Дала арландары» әлемде 74-ші, Азия құрлығында 12-ші орында тұр. Халықаралық баскетбол федерациясы (ФИБА) Қазақстан командасын рейтингте біршама жоғарылағанын ерекше атап өтті. Ал үздік бестік өзгеріссіз қалды. АҚШ командасы бірінші, Австралия екінші, Аргентина үшінші, Сербия төртінші, Франция бесінші сатыда.

Азия бойынша үздіктер қатарына Иран, Жаңа Зеландия, Қытай мен Оңтүстік Корея кірген.

Соңғы жаңалықтар