+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Баспана мәселесі: Алматы қаласы бойынша өзекті сұрақтардың жауабы

2021 жылғы 27 ақпан 11:46
Бөлісіңіз:
Баспана мәселесі: Алматы қаласы бойынша өзекті сұрақтардың жауабы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров және Алматы қаласы «Отбасы Банк» АҚ филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында журналистердің тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістандағы көптеген тұрғын үйлер қызыл сызық пен жасыл аймаққа салынған Биыл ауылдарда 4 млн шаршы метр тұрғын үй салынады – Бейбіт Атамқұлов Биыл ауылда тұрғын үй салудың жаңа тетігі енгізіледі

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың баспанаға қолжетімділігін арттыру үшін қандай құралдар (жолдары) бар? Өткен жылы осы санаттағы отбасыларға қанша баспана берілді? Биылға жоспар қандай?

Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру үшін 2021 жылы «көпбалалы отбасы», «мүгедек баласы бар немесе мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы», «1 және 2-топтағы мүгедектер», «жетім балалар» санаттары бойынша кезекте тұрған азаматтарға баспана сатып алуға бастапқы жарнаны енгізу үшін 1 млн теңгеден берілді. Барлығы қайтарымсыз негізде 2 мың адам сертификат алды.

Алматы қаласында 2020 жылы барлығы 2926 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді, оның ішінде:

- 879 – коммуналдық тұрғын үй қорынан (427 – халықтың әлеуметтік осал топтары, 452 - көпбалалы отбасылар);

- 4989 – кезекте тұрғандар үшін жеңілдікті несиелік бағдарламалар («Шаңырақ» бағдарламасы – 3578, кредиттік тұрғын үй - 1411);

- 2050 – жастарға арналған бағдарламалар (Алматы жастары бойынша кредиттеу – 1000, жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға беру – 1050).

Консультациялық көмек барлық ниет білдірушілерге көрсетіледі. Ол үшін Тұрғын үй басқармасының бірінші қабатында операциялық зал бар. Сонымен қатар, кеңес әлеуметтік желілердегі парақшаларда көрсетіледі. Іске асырылып жатқан бағдарламалар, шарттар мен мерзімдер туралы ақпарат басқарманың және Алматы жастары сайттарында жарияланады.

- «Шаңырақ» пилоттық бағдарламасында ағымдағы жылдың басынан бастап жеке тұрғын үй сатып алу үшін 225 қарыз берілді.

«Шаңырақ» бағдарламасының шарттары:

- тиімді мөлшерлеме – жылдық 5%;

- бастапқы жарна – 10 %;

- қарыздың ең ұзақ мерзімі – 20 жылға дейін;

- қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;

- жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандардың барлық санаттары қатысуға құқылы.

«Халықтың әлеуметтік осал тобы» (ХӘОТ) санатындағы 427 отбасы және 452 көпбалалы отбасын биыл тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл жерде кезекте тұрғандар жайлы болып отыр ма? ХӘОТ санатына кімдер кіреді?

Иә, бұл пәтерлердің барлығы коммуналдық тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға кезектілік тәртібімен бөлінетін болады.

ХӘОТ санатына: ҰОС ардагерлері, жетім балалар, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, 1 және 2 топтағы мүгедектер, толық емес отбасылар, мүгедек баласы бар немесе мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, жасына байланысты зейнеткерлер, қандастар, ҚР Үкіметі бекіткен аурулар тізімінде аталған созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар, экологиялық апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарынан жалғыз тұрғын үйінен айырылған адамдар, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкердің отбасы кіреді.

Осы жылы 8 мыңнан астам тұрғынды баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда. Азаматтар бұл тізімге кіретінін, не кірмейтінін қалай біле алады?

Пәтерлердің жалпы санының 879-ы кезектілік тәртібімен бөлінетін болады.

Қалған пәтерлер жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша, сондай-ақ 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз сатылады. Осы бағдарламаларға қатысу ерікті сипатта болады. Осыған байланысты қатысуға ниет білдірушілер тиісті өтінім беруі тиіс.


Кезекте тұрғандарды түгендеу қалай жүргізіледі?

2020 жылдан бастап кезекте тұрғандарға қызмет көрсететін бағдарламалық өнім - «Есепке қою...» бірыңғай ұлттық жүйесі енгізілген. Ол жылына бір рет мемлекеттік органдардың барлық жүйелерінен деректерді интеграциялау арқылы автоматты түрде түгендеу жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша қажеттілік болмаған, басқа елді мекенге кеткен, санатын жоғалтқан және т.б. жағдайда кезекте тұрған адам есептен шығарылады.


«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңында Алматы қаласында тұру талабы көзделген. Бұл ретте, қазіргі уақытта 14 жасқа толмаған балаларды тіркеу тәртібі өзгерді. Бұл факті кезекке қоюдан бас тарту үшін негіз болып табыла ма? Мемлекеттен тұрғын үйді кім және қалай ала алады?

14 жасқа дейінгі балалардың мекенжай тіркеуінде болмауы кезекке қоюдан бас тарту үшін негіз болып табылмайды. Жалғыз талап – балаларды басқа елді мекенде тіркеуге болмайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT