Баспанамен қамтамасыз ету бағытында көпбалалы отбасыларға 2 пайыздық жеңілдікті несие беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Баспанамен қамтамасыз ету бағытында көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға жылдық 2 пайызбен жеңілдік несиелер беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі биыл 49 млрд теңге есебінен көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға жылдық 2 пайызбен жеңілдікті қарыздар беруді жалғастырады», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Оның сөзіне қарағанда, 5 мың азамат баспанасын жақсартады. Бүгінгі күні Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2019 жылдан бастап 49,3 млрд теңге сомасына 4 955 несие берген.


Соңғы жаңалықтар