Батыр Жүкембаев 28 рет жеңіске жеткен мексикалықпен жекпе-жек өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14КО) 11 желтоқсан күні келесі жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Айқас АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Спрингфилд қаласында өтеді. Ол тәжірибелі мексикалық боксшы Хуан Хосе Альвареспен (28-10, 20КО) кездеседі. Кездесу алты раундқа жоспарланған.

Жүкембаев бұның алдындағы айқасын осы жылдың мамырында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында өткізген еді. Ол пуэрторикалық Сабриэль Матиастан (17-1, 17КО) жеңілген еді. Бұл Б.Жүкембаевтың кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі.


Соңғы жаңалықтар