Батыс Қазақстанда 1 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасымен егілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 1086 адам Pfizer вакцинасымен егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның 43-і – жүкті, 451-і – бала емізетін әйелдер, 592-сі – жасөспірімдер.

Өңірде 372 адам ревакцинациядан өтті.

Осы кезге дейін облыс бойынша егілуге тиісті тұрғындардың 59,8 пайызы (247 878 адам) бірінші, 55,3 пайызы (228 971) екінші компонентпен егілді.

Орал қаласында 224 092 адам егілуі тиіс болса, соның 126 726-сы вакцина салдырды.

Пандемия басталғаннан бері сырқаттанған 39 643 адамның 37 377-сі жазылып шықты. 834 адам көз жұмды. Соның 665-і биыл тіркелді. Атап айтқанда, қаңтарда – 28, ақпанда – 15, наурызда – 30, сәуірде – 41, мамырда – 57, маусымда – 60, шілдеде – 144, тамызда – 139, қыркүйекте – 90, қазанда – 46, қарашада 15 науқас қайтыс болды. Соңғы аптада 2 адам өмірден озды.

Басқарма мәліметіне қарағанда, соңғы аптада ауырғандар саны 22,2 пайызға (40 науқасқа) төмендеді.

Күні бүгін 318 адам амбулаторлық, 118 науқас стационарлық ем алуда. Соның ішінде 10-ы жансақтау бөлімінде. Олардың біреуі аса ауыр халде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қараша айында 690-ға жуық адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар