Батыс Қазақстанда 150 млн теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі 150 миллион теңге салық төлеуден жалтарудың кезекті дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салық салудың негізгі мақсаты – қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін әртүрлі маңызды әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды іске асыру.

Көбіне бұл төлем жосықсыз кәсіпкерлердің заңсыз әрекеті салдарынан түпкі мақсатқа жетпейді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару дерегі бойынша «Компания Бурлингазстрой» ЖШС -не қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Тергеу мәліметі бойынша, кәсіпорын басшысы Б.Өтегенов 2015-2019 жылдар аралығында салық декларациясына көрінеу жалған мәліметтер енгізген, осылайша 157 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған.

Б.Өтегенов сотталды, сондай-ақ, коммерциялық ұйымдарда ұйымдастыру-басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айырылды.

Осындай деректер мен экономикалық және қаржы салаларында өзге де құқық бұзушылықтар белгілі болса, БҚО бойынша ЭТД + 7 708 435 04 54 нөмірі бойынша Telegram және WhatsАpp -тағы онлайн чатқа хабарласуға болады.



Соңғы жаңалықтар