+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда 230-ға жуық оқушыдан коронавирус анықталды

2021 жылғы 22 қазан 13:40
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда 230-ға жуық оқушыдан коронавирус анықталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қазан айында 226 оқушы мен 47 мұғалімнен коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда соңғы айда 97 оқушы мен 19 мұғалімнен коронавирус анықталды Алматы облысында коронавируспен ауырған 23 адам жансақтау бөлімінде жатыр Алматыда 15 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын алды

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, сондай-ақ арнаулы орта оқу орындарында 20, ЖОО-да 9 студенттен вирус табылды.

Күні бүгін облыс бойынша 10 мектепте 13 сыныптың мұғалім, оқушыларын үй карантиніне жіберу туралы 11 қаулы шығарылды.

Н.Мұстаевтың сөзіне қарағанда, облыста жыл басынан бері 29 321 науқас тіркелді, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда, 4439,0-ден келеді.

Соңғы аптада (15-21 қазан) алдыңғымен (8-14 қазан) салыстырғанда, коронавирус жұқтыру 14,9 пайызға (367-ден 312-ге) төмендеді.

Қазан айында облыста 1070 адамның ауырғаны белгілі болды.

Өңір жасыл аймаққа көшкендіктен, шектеу шаралары біраз жеңілдеді. Дегенмен тоқмейілсуге болмайды.

Н.Мұстаев көршілес Ресей облыстарында коронавирустың өршіп тұрғанын, сондықтан карантин талаптарын толық сақтап, екпе алып, ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 232 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын, қазан айында 1 мыңнан астам адамның вирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT