+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда екі автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды

2021 жылғы 22 ақпан 22:10
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда екі автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысындағы «Екатеринбург-Алматы» тасжолы жабылды 5 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі БҚО трассасында жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Орал-Атырау жолында Ақжайық ауданы Ақбұлақ және Ақсуат ауылдарының орта тұсында болды.

Оқиға орнына трассалық-медициналық құтқару бекеті және Ілбішін дәрігерлік амбулаториясының бригадасы барды.

Алдын ала мәліметке қарағанда, бес адам зардап шекті. Бір адам көз жұмса, екіншісінің жағдайы ауыр.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.

Белгілі болғаны, көліктердің бірі «DAF» маркілі жүк көлігі болса, екіншісі «Тойота Альфард».

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан алты адамның қаза тапқанын, жеңіл және жүк көлігінің түйісуі салдарынан жүргізушінің ауруханаға түскенін, сондай-ақ боранға байланысты республикалық жолдың жабылғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT