USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда екі көлік соқтығысып, 5 адам ауруханаға жеткізілді

2022 жылғы 15 қаңтар 00:43
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда екі көлік соқтығысып, 5 адам ауруханаға жеткізілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, бес адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 14 қаңтар күні шамамен сағат 08.00-де Орал-Атырау жолы бойында Ақжайық ауданы Бударин ауылы маңында болды.

«Лада Приора» мен жүк көлігі соқтығысты.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жедел жәрдем сағат 08.23-те шақырылып, бригада жеті минуттан кейін жетті. Ж ол апаты салдарынан зардап шеккен бес адам Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған 1981 жылғы әйел мен 2014 жылғы бала ауруханаға жатқызылды.

Екі адам амбулаторлық емдеуге жіберілді. Жабық бас-ми жарақатына қоса миы зақымданған 1999 жылғы жігіт облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан бес адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда боранға байланысты Саратов бағытындағы жол жабылды. Кейін ауа райының жақсаруына байланысты бұл жол ашылды.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT