Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарлар саны 18-ге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында инфекциялық стационарлар саны 18-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, қазіргі таңда 1123 төсектік 18 ауруханада 566 науқас ем алуда.

Инфекциялық стационарлар 50,4 пайызға толған.

Басқарма мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері облыста 10459 адам коронавирус жұқтырса, соның 6634-інде ауру белгілері бар, 3825-і – симптомы жоқтар.

Тіркелгендердің тең жартысынан астамы немесе 59,4 пайызы (6219) Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ Бәйтерек ауданында 1262 (12 пайызы), Бөрліде 1114 (10,6 пайызы) адам сырқаттанды.

Індет басталғаннан бері барлығы 19680 адам (11299-ы – ауру белгілері бар, 8381-і – симптомы жоқтар) дертке шалдықты. 15384 адам сауығып шықса, 286-сы көз жұмды.

«Соңғы тәулікте 73 адам (51-інің ауру белгілері бар) ковидпен тіркелсе, 26 науқас жазылып шықты. Алдыңғы аптамен салыстырғанда, соңғы аптада індет жұқтыру көрсеткіші 18,5 пайызға (222-ге) төмендеді», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда төрт күнде 577 адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар