Батыс Қазақстанда коронавируспен стационарда жатқандар саны 400-ден асты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда 405 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, соның ішінде Орал қаласындағы 600 төсектік 5 стационарда 347 науқас жатыр.

Жансақтау бөлімшесінде жатқандар саны 30-ға жетті.

Облыста 1444 төсек-орын (679-ы инфекциялық, 765-і карантиндік) резерв ретінде әзірленді.

Жыл басынан бері өңірде 14074 адам коронавирус жұқтырса, соның 9253-інің ауру белгілері болса, 4821-і – симптомы жоқтар.

Ауырғандардың 55,8 пайызы (7856) Орал қаласында, 14,3 пайызы Бәйтерек, 11,1 пайызы (1570) Бөрлі ауданында тіркелген.

Облыста ковидті анықтайтын 13 зертхана жұмыс жасайды. Соңғы тәулікте 2429 зерттеу жүргізілді.

Өңірде 74491 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші, 35474-і екінші компонентімен егілді.

Вакцинациялау жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 285 адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар