+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда орман өртенді

2021 жылғы 23 маусым 00:02
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда орман өртенді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында орман отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде жоғары оқу орындарының бірінің ғимараты өртеніп жатыр Павлодарда екі жүк көлігі мен бір жеңіл автокөлік соқтығысты Өрттен шыққан қою түтін алматылықтардың зәресін алды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 22 маусым күні Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінде болды.

Сағат 13.15-те Қызылжар елді мекені маңында 9,5 гектар алқапта орман (қарағаш және терек) өртенді.

Оқиға орнында ТЖ департаменті (41 адам, 4 техника), орман шаруашылығы мекемесі (40 адам, 3 техника), жергілікті атқару органдары (10 адам, 2 техника) күштері жұмыс жасады.

«Тілсіз жау» сағат 18.20-да оқшауланып, 22.14-те ауыздықталды.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда, 23 маусым күні облыста 39 градус ыстық болуы ықтимал.

БҚО ТЖ департаменті соңғы кезде күннің қатты ысуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталып отырғанын ескертеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда «Рахмет» азық-түлік дүкенінің өртенгенін жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT