Батыс Қазақстанда республикалық Қадыр оқуларының жеңімпаздары анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысында дәстүрлі ІV республикалық Қадыр оқулары мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақынның туған жері Сырым ауданында осымен биыл төртінші рет ұйымдастырылып, онлайн түрінде өткен байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс

Қазақстан облыстарынан барлығы 42 оқушы қатысты.

«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» атты Қадыр Мырза Әли сөздеріне жазылған әндерді орындаудан сырымдық Әмина Орынбасар бас жүлдені жеңіп алды. Орал қаласынан Сымбат Урманова бірінші, маңғыстаулық Айсәуле Тұрлығазы мен қостанайлық Мерей Бергенов екінші, солтүстікқазақстандық Кәмила Дінәш, ақтөбелік Жанерке Әзімбек, қызылордалық Қайсар Қарабдинов үшінші орынға ие болды.

«Сөзім барда – өзім бар» атты ақын шығармаларын жатқа оқудан Қаратөбе ауданы Үшағаш негізгі орта білім беретін мектебінің оқушысы Нұрайна Сыйлыбек үздік шықты.

Сырымдық Айасыл Сарқұл бірінші, Алматы облысынан Ізбасар Ізмұхан мен маңғыстаулық Фариза Жексенбай екінші, атыраулық Қарақат Әлжанова, ақтөбелік Гүлбану Алдамжарова және елордалық Елдос Пәрмешов үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы бөлім бойынша қатысқан солтүстікқазақстандық Назарқыз Әлімжанқызы Сырым ауданы әкімінің арнайы сыйлығын алды.

«Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» атты жас дарындардың Қадырға арналған өз туындылары бойынша оралдық Дильназ Дидарқызы алдына жан салмады. Сондай-

ақ елордалық Мәрмәр Ділшәт бірінші, атыраулық Ернұр Салауатұлы мен қызылордалық Бекнұр Матығұлов екінші, Алматы облысынан Аяулым Күндеш пен Тоғжан Жұматай,

солтүстікқазақстандық Гүлзат Қалымова, сырымдық Динара Талапова үшінші сатыдан көрінді.

Республикалық сайысқа төрелік еткен қазылар алқасы Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-балабақша кешенінің ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.

«Байқау Қадыр өлеңдерін жас жеткіншектердің сүйіп оқитындығын тағы бір көрсетті. Сөздеріне жазылған әндер де ерекше әсер қалдырды. Ақын шығармаларын республика

көлемінде кеңінен насихаттауға Қадыр атындағы қор да белсене атсалысып келеді. Бұдан былай да осы бағытта түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады», деді ҚазАқпарат

тілшісіне белгілі әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Қадыр Мырза Әли» қоғамдық қорының директоры Донеділ Қажымов.


Соңғы жаңалықтар