+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда соңғы аптада коронавирустан 18 адам көз жұмды

2021 жылғы 14 қыркүйек 18:25
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда соңғы аптада коронавирустан 18 адам көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада (7-14 қыркүйек) 18 адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да сот хирург-дәрігерге берілген сөгісті жойды Атырау облысында инфекциялық стационарлардағы науқастар 4 есеге азайды Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды вакцина алуға шақырды

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, өңірде індеттен барлығы 714 адам өмірден өтті.

Пандемия басталғаннан бері тіркелген 36 231 науқастың 28 357-сі жазылып шықты.

Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, індет жұқтыру көрсеткіші 11,6 пайызға (80 адамға) азайды.

Жыл басынан бері 27 010 адамнан коронавирус табылса, соның 2326-сы балалар болып отыр. Қазіргі таңда балалардың 2226-сы жазылып шығып, 100-і әзірге сауыға қойған жоқ.

Басқарма мәліметіне қарағанда, күні бүгін 1208 науқас амбулаторлық ем алуда.

Облыс бойынша 1063 төсектік 19 инфекциялық стационарда 446 адам жатыр. Соның ішінде қаладағы 615 төсектік 7 стационарда 358 науқас емделуде. 96 төсектік жансақтау бөлімшесінде жатқан 40 науқастың 36-сының жағдайы ауыр.

Өңірде 212 325 адам (егілуге тиісті тұрғындардың 58,9 пайызы) вакцинаның бірінші, 180 678-і (50,1 пайыз) екінші компонентін қабылдады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда індетке қарсы вакцина салдырғандар саны 211 мыңнан асқанын, жыл басынан бері 2300-ден астам баланың коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT