Jańalyqtar
Батыс Қазақстанда тұрғын үйден екі зейнеткердің мәйіті табылды
2021 жылғы 26 ақпан 00:38
Бөлісіңіз:

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйден екі зейнеткердің мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаменті мәлім еткендей, оқиға 25 ақпан күні Бәйтерек ауданы Трекин ауылында болған.
Сағат 18.00-де өз үйінен 1956 жылғы екі зейнеткердің мүрдесі табылды.
Алдын ала мәліметке қарағанда, олар табиғи газдан уланып, қайтыс болған.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, әйелі диванда отырған жерінде жан тапсырса, күйеуі сыртқы есікке жете алмаған.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, біз осыған дейін Батыс Қазақстан облысында жеті елдімекеннің жарықсыз қалғанын жазған болатынбыз.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Нұр-Сұлтан қаласында жолдағы шұңқырға көлік түсіп кетті
- Мысырда пойыз релсьтен шығып кетіп, 100-ден аса адам жапа шекті
- «Ертіс орманы» резерватындағы өрт: 130 өрт сөндіруші тілсіз жаумен арпалысып жатыр
- Ақмола облысында ер адам 6 жасар қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті
-
Ақмола облысында қызымен суретке түспек болған ер адам суға құлап кетті
-
Петропавлда тепловоз автокөлікпен соқтығысты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER