Батыс Қазақстанда жәрмеңке өткізуге тыйым салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжат бойынша, 17 шілдеден бастап жабық үй-жайларда да, ашық ауада да жәрмеңке түрлерін өткізуге тыйым салынады.

Ал қала ішіндегі маршруттық автобустар жексенбі күні жүрмейді. Басқа күндері қарбалас уақыттарда автобустар саны көбейтілетін болды.

«Кондуктордың болуы, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, тері антисептигі бар санитайзерлерді қолжетімді орындарға орнату, адам саны орындық санын асырмау талаптары сақталуы керек», - делінген қаулыда.

Қаулы 2021 жылдың 17 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Оның толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар