+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті

2021 жылғы 22 ақпан 19:30
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі түйісіп, жүргізуші ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола және Қостанай облыстарында жол жабылды Ақтаудағы тұрғын үйдің кіреберісінде жабайы түлкі видеоға түсірілді СҚО мен Ақтөбе облысының жолдарында көлік қозғалысы шектелді

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 22 ақпан күні шамамен сағат 15.00-де Орал-Атырау жолы бойында Бәйтерек ауданы Янайкин ауылы тұсында болды.

«Лада Приора» жүк көлігімен соқтығысты. Соның салдарынан жүк көлігінің 32 жастағы жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан алты адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапқандардың төртеуі – әйел, екеуі – ер адам.

Тайпақ ауылдық ауруханасына жеткізілген 42 жастағы ер адамның бұғанасы сынып, ішінен жарақат алған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT