+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда жол апаттарынан тағы екі адам қаза тапты

2021 жылғы 19 сәуір 14:49
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда жол апаттарынан тағы екі адам қаза тапты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында өткен демалыс күндері жол апаттарынан тағы екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде «Газель» аударылып бір адам көз жұмды Қызылордада автокөлік пен мотоцикл соқтығысып, бір адам ауруханаға түсті Батыс Қазақстан облысында 21 блокпост жұмыс жасайтын болады

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бірінші оқиға 17 сәуір күні сағат 20.00-де Самара-Шымкент жолында болды.

21 жастағы жүргізуші «Ауди-80» автокөлігімен келе жатып, жолдағы шұңқырды айналып өтемін деп, рульге ие бола алмай, аударылуға жол берді.

Соның салдарынан автокөлікте отырған жолаушылар зардап шекті. 1966 жылғы әйел адам Орал қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай көз жұмды. 1996 жылғы әйел мен 2018 және 2020 жылғы кішкентай балалар түрлі жарақат алды.

18 сәуір күні сағат 03.00-де Орал-Кирсанов жолының 13-шақырымында Бәйтерек ауданы Володар ауылы тұсында жол апаты болды. 1973 жылғы жүргізуші «Форд Галакси» автокөлігімен ер адамды қағып кетті. Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншінің 1959 жылғы тұрғын екендігін анықтады. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 18 сәуір күні тағы бір автокөлік аударылып, 66 жастағы әйелдің көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Қазіргі кезде аталған үш дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3- бөлігіне (абайсызда адам өліміне соқтырған жол жүру ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT