Батыс Қазақстанда жүк пойызы 26 жастағы қызды қағып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жүк пойызы 26 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 29 қыркүйек күні Бөрлі ауданы аумағында болды.

Сағат 13.52-де Қазақстан станциясында 1995 жылғы қыз жүк пойызының астына түскен. Соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінде ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын жеткізді.

Қазіргі кезде іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда пойыз қағып кеткен ер адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ дәрігерлер ота жасап, жас ана мен сәбилерінің өмірін сақтап қалды.




Соңғы жаңалықтар