Батыс Қазақстанның Теректі ауданына жаңа әкім келді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Тілекқабыл Ғабдушев Теректі ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Тілекқабыл Александрұлы 1979 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі - жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін тарих пәні мұғалімі және экономика және бизнес магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Орал қаласындағы 19-мектепте мұғалім, Ақжайық аудандық білім беру бөлімінде бас маман, Абай атындағы мектеп-гимназия директорының орынбасары, Ақжайық ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.

2016 жылдан бастап бүгінге дейін Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның Тасқала ауданына жаңа әкім тағайындалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар