«Бауырсақ-балапанға дауыс берейік» -Димаш Ержанға қолдау білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген Ержан Максимді қолдауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ал, достар дауыс берейік «бауырсақ-балапанға». Сәттілік! Жеңіс тілейміз! Байқау біткесін 15 мин тағы уақыт бар. Қапы қалмаңыздар» деп жазады Димаш парақшасында.

Айта кетсек, Junior Eurovision-2019 байқауы басталды. 19 елдің жас әншісі бақ сынайтын халықаралық ән байқауына еліміздің атынан Ержан Максим қатысады.

Ән додасында Ержан Максим 10-болып шығады. Талап бойынша олар еш жерде жарияланбаған 3 минутқа дейінгі композицияны табиғи дауыста орындауы керек. Үміткерлер үшін дауыс беру қарашаның 22-сінен 23-іне қараған түні сағат 01.00-де басталды. Онлайн-дауыс беру бүгін, сағат 21.00-де уақытша жабылады. Одан соң 15 минутқа қайта ашылып, тағы бір мәрте дауыс беру мүмкіндігі беріледі.

Соңғы жаңалықтар