Баян-Өлгей қазағы бодибилдингтен «Моңғол мистері» атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Серік Қажатұлы есімді Баян-Өлгей аймағында туған қандасымыз бодибилдингтен «Моңғол мистері» чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баян-Өлгей аймағының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Серік Қажатұлы Моңғолия астанасындағы Ұлан-Батыр қаласында ұйымдастырылған «Моңғол мистері – 2020» атты ел чемпионатына қатысқан.

Ол 75 келі салмақта жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленген. Сондай-ақ бодибилдингтен Баян-Өлгей аймағынан шыққан алғашқы «Моңғол мистері» атанып отыр.

Серік Қажатұлы 1984 жылы туған. Моңғолия астанасы Ұлан-батырда тұрады.

Айта кетсек, Моңғолияда спорттық жетістікке жетіп жүрген қандас спортшылар баршылық. Осы жылдың басында дзюдодан Орхон аймағында өткен Моңғолия чемпионатында 100 келі салмақта белдескен Серік Бердімұратұлы екінші мәрте ел чемпионы атанған болатын.


Соңғы жаңалықтар