Баянауылдықтар «Киелі Қазақстан» экспедициясын қарсы алды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Баянауылдықтар аудан әкімi Оразгелді Қайыргелдиновтың басқаруымен облыс шекарасында «Киелі Қазақстан» экспедициясын қарсы алды, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.

Экспедиция ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған. Ұйымдастырушы «Kazakh tourism» ҰК» АҚ. «Киелі Қазақстан» экспедициясының сериясы рухани мұра нысандарын жан-жақты зерттеуге бағытталған.

Киелі орындар-Қазақстан жерінің ежелден түрлі рухани тәжірибелер мен дүниетанымдардың үйі болғанын айғақтайтын жанды дәлел.

Баянауыл ұлттық паркінде Ертіс өңірінің киелі картасындағы 80% нүкте орналасқан, оның ішінде Қоңыр әулие үңгірі бар. Аңыз бойынша, ол үміт артқан адамдарға ата-ана болуға көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар