Бәйдібектік жастар арасында волейболдан турнир өтті – Түркістан облысы

None
None
БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Бәйдібек ауданында жастар арасында волейболдан турнир өтті. Спорттық сайыс аудандық мәслихаттың құрылғанына 25 жыл толуына орай және оның тұңғыш хатшысы Серік Күзенбайұлын еске алуға арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнирдің салтанатты ашылуына аудан әкімі Бақытбек Танагөзов қатысып, барлық шақырылымдағы мәслихат депутаттарын мерекемен құттықтады. Мәслихаттың құрылу тарихына тоқталып, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бергі жеткен жетістіктерге маслихат депутаттарының қосқан үлесі зор екендігін атап өтті. Сондай-ақ, алдағы уақытта да халық қалаулыларымен бірлесіп жұмыс атқара беретінін айтып, мерекеге орай ұйымдастырылып отырған турнирге қатысушы жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Одан кейін аудандық мәслихат хатшысы Мұқадас Нақыпбеков жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан мәслихаттарына – 25 жыл» мерекелік медалімен облыс көлемінде басшылық қызмет атқарып жүрген ел ағалары мен ауданымыздың бірқатар еңбек ардагерін, Серік Күзенбайұлының жолдасын марапаттады.

Мерекелік шарадан соң аудандық турнирге қатысқан 11 команда өзара ойындар өткізіп, мықтылықтарын танытты. Жарыс жеңімпаздарына кубок, дипломдар, медальдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар