Байқаушылар Президент сайлауына өлшеусіз үлес қосты - Дәурен Абаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев кезектен тыс Президент сайлауына тәуелсіз байқаушылар өлшеусіз үлес қосты деп санайды. Министр Дәурен Абаев бұл пікірді «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен аптада бәріміз тарихи оқиғаға куә болдық. Енді мемлекетіміз бұрынғыдан сәл өзгеше болады. Жаңа дәуір туды. Сол жаңа дәуірді бизнес өкілдері болып, азаматтық қоғам болып, журналистер қауымы болып бірге құрамыз. Оны дамытып, тиімді етуге бәріміз жауаптымыз. Осы жылдың наурызында басталған, билік транзитінің шешуші сәті болған бұл сайлау науқаны қоғамның өз пікірін білдіріп, қорғауға дайын болып келе жатқанын көрсетті», - деді министр.

Оның айтуынша, аталмыш сайлау елдегі азаматтық белсенділік деңгейінің өскенін де көрсеткен.

«Шынымды айтсам, байқаушылардың бұлайша көп болғаны есімде жоқ. Таңғы сағат 5-тен бастап түн ортасына дейін сайлаудың әділ өтуін белсенділікпен қадағалады. Бұл адамдар үлкен саяси талаптар қойып, бойкот жариялаған жоқ, полициямен қатығысқа да түскен жоқ. Бірақ дәл осы адамдар сайлауға көп үлес қосты», - деді Дәурен Абаев.

Соңғы жаңалықтар