Байқоңыр ғарыш айлағында One Web спутниктерін ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып қалды

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағынан келесі ұшырылым 2022 жылдың 5 наурызына жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл еуропалық One Web спутниктерінің келесі ұшырылымы болмақ.

Бірақ Роскосмос Еуропалық Одақтың санкцияларына жауап ретінде Француз Гвианасындағы Куру ғарыш айлағынан ұшырылымдарды ұйымдастыруда еуропалық серіктестермен ынтымақтастықты тоқтатқанын жариялауына байланысты Байқоңырдан алдағы ұшырылым туралы сұрақ туындады.

Байқоңыр ғарыш айлағының мәліметінше, OneWeb спутниктік шоқжұлдызымен «Союз 2.1б» зымыран-тасымалдағышын ұшыруға дайындық соңғы кезеңде. Бірнеше күннен кейін мемлекеттік комиссияның шешімінен кейін зымыранды «Восток» ұшыру кешеніне жеткізу керек.

One Web спутниктерінің кезекті партиясымен «Союз 2.1b» зымыран-тасымалдағышының ұшырылуы 2022 жылғы 5 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 04:41-де «Байқоңыр» ғарыш айлағының 31-ші алаңынан ұшырылады деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар